Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Әділет министрлігі мен Қазпатент өкілдері Орталық Азияның ЗМҚ жөніндегі сарапшылар деңгейіндегі аймақтық жұмыс тобының семинарына қатысты

28 қаңтар, 2021

2021 жылғы 27 қаңтарда Орталық Азияның зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі сарапшылар деңгейіндегі «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақталуын қамтамасыз етуді ведомствоаралық үйлестіру» тақырыбында аймақтық жұмыс тобының семинары өтті.

Бейнеконференцияны АҚШ Сауда министрлігінің коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасы (CLDP), АҚШ Сауда өкілдігі (USTR), АҚШ Патенттік және тауар таңбалары жөніндегі ведомство (USPTO), Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығы (IPR орталығы), АҚШ кеден-шекара қызметі (CBP) ұйымдастырды.

Семинарға Орталық Азия елдерінің мүдделі лауазымды тұлғалары, соның ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Мейржан Тулепов, ДИС директорының орынбасары Асемгул Абенова, Қазпатент директорының орынбасары Макпал Шугаипова, Қазпатент IPR Center басшысы Амина Алмасова және басқа да ведомство қызметкерлері қатысты.

Бейнеконференцияның модераторы CLDP аға заң кеңесшісі Ннамди Эзера болды. Кеңес барысында USTR инновациялар және зияткерлік меншік жөніндегі директоры Майкл Баклер, Ташкенттегі АҚШ Елшілігінің зияткерлік меншік жөніндегі кеңсесінің өкілі Элизабет Гессон, CLDP бас заң кеңесшісі Стив Гарднер, USPTO адвокат-кеңесшісі Дженнифер Бленк, CBP халықаралық сауда жөніндегі маманы Майкл Долан, IPR орталығының аға арнайы агенті Джеффри М. Шмидт, Орталық Азияның зияткерлік меншік жөніндегі атташесі Дориан Мазуркевич, АҚШ Әділет министрлігінің компьютерлер мен зияткерлік меншікті бұзудан халықаралық қорғау (ICHIP) жөніндегі заң кеңесшісі Скотт М.Керин баяндамалары тыңдалды.

Спикерлер зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды үйлестіру және сақтауды қамтамасыз ету мәселелеріндегі АҚШ ведомстволарының жұмыс механизмі туралы айтты.

Өз кезегінде, Орталық Азия елдерінің қатысушылары зияткерлік меншік құқықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың кәсіби тәжірибесімен бөлісті.