Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Қазпатент пен ЕАПҰ арасында келісімге қол қойылды

11 ақпан, 2021

Бүгін, 2021 жылғы 11 ақпанда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК мен Еуразиялық патенттік ұйым арасында Еуразиялық патенттік-ақпараттық жүйені пайдалану туралы келісімге қол қойылды.

Келісімнің мақсаты патенттік ақпаратты тиімді іздеу мүмкіндігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Ұлттық ведомствосына, сондай-ақ көпшілік кітапханаларына, мемлекеттік ғылыми, білім беру және өзге де ұйымдарына ЕАПАТИС жүйесіне қол жеткізуді ұсыну болып табылады.

Құжатқа Еуразиялық патенттік ұйымының Еуразиялық патенттік ведомствосының президенті Сауле Тлевлесова мен Қазпатент директоры Ербол Оспанов қол қойды.