Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ҚР Парламентінің депутаттары Қазпатентте ұлттық брендтеуді ілгерілету мәселелерін талқылады

24 ақпан, 2021

2021 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-да (Қазпатент) «Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша ҚР Парламенті жұмыс тобының тыс отырысы өтті.

Депутаттар, сарапшылар және басқа да мүдделі тараптардың кездесуінің негізгі тақырыбы азаматтық заңнамаға «Географиялық көрсеткіш» атты зияткерлік меншіктің жаңа объектісін енгізу болды.

Әділет министрлігі тарапынан кездесудіқұттықтау сөзбенҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова ашты. Кездесу барысында географиялық көрсеткіштер мен тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғаудың халықаралық практикасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тауар шығарылған жерлердің атауларымен жұмыс тәжірибесі талқыланды. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері депутаттардың бастамасын қолдап, отандық өнімнің брендинг стратегиясының бір элементі болып табылатын географиялыккөрсеткішті тіркеудің маңыздылығын атап өтті.

Экскурсия барысындадиректор Ербол Оспанов Қазпатенттің қызметі туралы айтып, статистикаға тоқталыпөттіжәне депутаттардысарапшыларыментаныстырды.

Кездесу соңында қатысушыларгеографиялық көрсеткіштерді объектретіндеайналымға енгізу республиканың зияткерлік меншік жүйесіне оң әсер ететініне, сондай-ақ отандық өнімнің әлемгетанылу деңгейінжәне туризмді арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.