Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ЕПК Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманың Қырғыз Республикасы, Азербайжан Республикасы және Армения Республикасы үшін күшіне енуі туралы

17 наурыз, 2021

2021 жылдың 17 наурызында, 2019 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласындағы дипломатиялық конференцияда қабылданған Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттама күшіне енді.

Депозитарийдің хабарламасына және Хаттаманың 22(4) бабына сәйкес, аталған халықаралық шарт Қырғыз Республикасы, Азербайжан Республикасы және Армения Республикаларына қатысты күшіне енді. Хаттама Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасына байланысты тиісінше 2021 жылдың 11 және 12 сәуірінде күшіне енеді.

Өнеркәсіптік үлгілерге еуразиялық патенттерді ау үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі, отырысы 2021 жылдың 14 сәуіріне жоспарланған, ЕАПҰ Әкімшілік кеңесімен айқындалатын болады және оның шеңберінде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау мәселелері бойынша ЕАПҰ нормативтік құқықтық актілері қабылданатын болады.

ЕАПВ-ның өнеркәсіптік үлгілерге еуразиялық патентті алуға өтінімдерді қабылдап бастау мерзімі туралы ақпарат ЕАПҰ веб-порталында орналастырылатын болады.