Ұлттық зияткерлік меншік институты
Қазпатент Ауыл шаруашылығы министрлігімен (АШМ) бірлесіп ауыл шаруашылығы мамандары үшін селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау мәселелері бойынша вебинар өткізді. Бұл шара Халықаралық зияткерлік меншік күнін атап өтуге орайластырылды.
Шараға ғылыми-зерттеу институттары, ауыл шаруашылығы тәжірибе станциялары және зерттеу институттары ауыл шаруашылық мамандары қатысты.
Вебинардың модераторы ретінде «ҰЗМИ» РМК директорының кеңесшісі Калия Батаева қатысты. АШМ тарабынан алғы сөзбен «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ төрағасы Талғат Ажғалиев қатысты.
Вебинардың барысында селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттігіне, автолық құқығына, беру шарттарын жасасуға қатысты өзекті сұрақтары қарастырылды.
Сонымен қатар Мемлекеттік комиссияның сорттарды сынау бойынша қызметіне байланысты сұрақтар талқыланды.
Үйретуші семинарды тәмәмдауда Қазпатент сарапшылары семинар барысында қарастырылған объектілерді құқықтық қорғау сұрақтары бойынша консультациялар берді.
Шараға толығымен 100-ге жуық адам қатысты.
|