Ұлттық зияткерлік меншік институты
2021 жылдың 30 сәуірінде «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен Қазақстан Республикасы шығыс аймағының кәсіпкерлеріне арналған зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мәселелері бойынша вебинар өткізілді.
Вебинар Халықаралық зияткерлік меншік (ЗМ) күнін атап өтуге орайластырылды және бизнес үшін маңызды тақырып – зияткерлік меншік және оны қорғау механизмдеріне арналған.
Шара барысында Қазпатент спикерлері зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мәселелерін, өз туындысына авторлық құқықты тіркеуді, мемлекеттік тізілімді жүргізуді, айрықша құқыққа билік ету туралы келісімшарттарды жасасуды, сондай-ақ Қазпатент құрамындағы IPR Center мүмкіндіктерін қозғады.