Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы-2021» атағын беру бойынша Байқаудың қорытындылары шығарылды

03 маусым, 2021

2021 жылы 31 мамырда «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру үшін конкурстық комиссияның отырысы өтті. Марапат - бұл ең маңызды және кең қолданылатын өнертабыстардың авторлары үшін сыйақы түрі.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын алуға үміткерлерге 9 өтініш комиссияның қарауына жіберілді.

Байқау комиссиясының шешімі негізінде, Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының 2021 жылғы 2 маусымдағы №147 НҚ бұйрығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы-2021» атағы ең жоғары ұпай жинаған екі үміткерге берілді: техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды ​​техникалық университетінің доцент міндетін атқарушы - Пак Дмитрий Юрьевич және техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды ​​техникалық университетінің «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының профессоры - Куликов Виталий Юрьевич.

Пак Д.Ю. өнертабыстары негізінен қатты жанғыш қазбалардың сапасын ядролық-физикалық әдістермен және гамма және нейтрондық сәулелену арқылы заттарды талдау тәсілдерімен байланысты.

КуликовВ.Ю. ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты статикалық және термиялық жүктеме кезінде дисперсті орта модельдерін жасау болып табылады. Куликов В.Ю. алғаш рет құм-шайыр қоспаларын қалыптастыру процесінде стационарлық емес жүктемені қолдана бастады.

Конкурстық комиссияның құрамына білім және ғылым саласындағы мемлекеттік органдар, индустриялық-инновациялық қызметті және энергетиканы мемлекеттік қолдау, патенттеу саласындағы қоғамдық бірлестіктер, әділет органдарының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және сараптама ұйымының қызметкерлері (Қазпатент) кіреді.

Жеңімпаздарға дипломдар мен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» ескерткіш лентасы табысталатынын атап өтеміз.

Құттықтаймыз!


Бұйрық