Ұлттық зияткерлік меншік институты
22 маусымда Казпатентте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің «Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» көшпелі отырысы дөңгелек үстел форматында өтті.
суретте:А.Т. Қожахметов жәнеМ.Б.Бекетаев |
Отырыстың модераторы депутат, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы А.Т. Қожахметов болды. Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б.Бекетаев алғы сөз сөйледі. Ол зияткерлік меншік саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы жобасы аясында зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттер қарастырылғанын атап өтті. Ол дөңгелек үстел қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар Қазақстанда зияткерлік меншік мәселелері бойынша міндеттерді тиімді іске асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
суретте:С.Я.Тлевлесова |
Еуразиялық патенттік ведомствоның (ЕАПВ) президенті С.Я. Тлевлесова өзінің алғы сөзінде 2021 жылдан бастап Еуразиялық патенттік кеңістікте өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың жаңа мемлекетаралық жүйесі енгізілгенін, ол ЕАПВ-ның әлем елдерімен және өңірлерімен ынтымақтастығының жаңа бағыттарын ашқанын атап өтті.
Онлайн форматта жүргізілген отырыс жұмысына зияткерлік меншік мәселелері бойынша халықаралық және ұлттық сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Назарбаев Университеті, КазГЮУ, Астана Хаб, Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдері және мүліктік құқықтарды басқарушы ұйымдар қатысты.
«Қазақстандағы зияткерлік меншік жүйесін жетілдіру» және «Жаһандық сын-қатерлер: зияткерлік меншік құқығына сұраныс» атты екі негізгі сессиядан тұратын іс-шара шеңберінде зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғаудың ұлттық жүйесі мәселелері, сондай-ақ халықаралық тәжірибенің өзекті үрдістері талқыланды.
суретте:Г.К.Бижанова |
Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Г.К. Бижанова зияткерлік меншік саласындағы заңнамалық бастамалар бойынша баяндама жасады.
суретте:А.Е.Ахметова |
Қазақстанда өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу кезінде оппозициялық жүйені енгізу бойынша Әділет вице-министрі А.Е.Ахметова түсініктеме берді.
суретте:Джонатан Рэдклифф |
Reed Smith 's IP, Tech & Data Group компаниясының серіктесі, патенттер бойынша сот талқылауларына, сондай-ақ зияткерлік меншік стратегиясына маманданған халықаралық сарапшы Джонатан Рэдклифф қазақстандық заңнаманы және зияткерлік меншік саласындағы халықаралық тәжірибені талдау нәтижелерімен бөлісті.
суретте:А.В.Чебан |
Сараптама басқармасы басшысының орынбасары – ЕАПВ химия және медицина бөлімінің басшысыА.В. Чебан еуразиялық кеңістікте дәрілік препараттарға қатысты патенттерге мәжбүрлі лицензия беру тетігін қолдану тәжірибесімен таныстырды.
суретте:И.А.Калашникова |
Жоғарғы Соттың судьясы И.А. Калашникова зияткерлік меншік құқығы саласындағы даулар бойынша сот тәжірибесі туралы сұрақтарға жауап берді.
суретте:З.Х.Баймолдина |
Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры З.Х. Баймолдина Қазақстанда зияткерлік меншік саласындағы білім беруді дамыту перспективалары туралы пікірімен бөлісті.
суретте:А.А.Өрсариев |
Отандық ғалымдардың ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың табысты мысалдары туралы «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы А.А. Өрсариев айтып берді.
суретте:Т.А. Қабатов |
Белсенді талқылау барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Т.А. Қабатовтың барлық мәдениет және өнер өкілдерінің атынан авторлық сыйақымен байланысты мәселелерді реттеу туралы үндеуі айтылды. Сондай-ақ, Қазақстанда зияткерлік меншік саласын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды, олар депутаттардың ұсыныстарында көрініс табады.
суретте:Е.К.Оспанов |
Іс-шара барысында Казпатент директоры Ербол Оспанов офис бойынша экскурсия жүргізіп, ведомствоның қызметі туралы айтты және қонақтарды сарапшылармен таныстырды.