Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде Қазпатент Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркімен бірге бейнеконференциялар форматында жаңа бастаған стартаптаршылардың қатысуымен IT-өнімдерге құқықтарды қорғау туралы вебинар өткізді.
Вебинар аясында IT өнімдеріне арналған авторлық құқықты қорғау, IT шешімдерін патенттеу және Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі ІТ-стартаптардың зияткерлік меншік құқығын құқықтық қорғау шаралары қарастырылды.
Стартап-индустрия өкілдері стартап-идеяларды қорғаудың проблемалық аспектілерін талқылауға белсенділік пен қызығушылық танытты.
Вебинар барысында Қазақстандағы зияткерлік меншік саласын дамытудың өзекті мәселелері де талқыланды.