Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне арналған вебинар өтті

17 қыркүйек, 2021

Бүгін жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін «Өңірлік бренд жергілікті өнімді жылжыту құралы ретінде» тақырыбында вебинар өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігінің кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік инфрақұрылым бөлімінің өкілдері, сондай-ақ Шығыс қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері қатысты.

Вебинар аясында Қазпатент сарапшылары ҚР заңдарына сәйкес ТШЖА тіркеу рәсімі туралы ақпарат берді.

Вебинар қорытындысы бойынша тараптар келесі вебинарды тікелей осы өңірлердің ШОК өкілдері қатысуымен өткізуге келісті.

  • Осы іс-шараларды өткізудің мақсаты ШОК-ты тауарлардың шығарылған жерінің атауы (ТШЖА) сияқты зияткерлік меншік объектісімен және ТШЖА-ны тіркеу рәсімінің кейбір аспектілерімен таныстыру болып табылады. ТШЖА мен ГК жергілікті өнімді жылжытуда, сондай-ақ өңірдің, тіпті жекелеген елдердің экономикалық әлеуетін арттыруда, туристік саланы, гастрономиялық туризмді дамытуда ерекше құралдар болып табылады, бұл кейіннен осы елдердің экономикасына оң әсер етеді.
  • Өнімнің географиялық шығу тегінен немесе шыққан жерінен басқа, ТШЖА құқықтық қорғау жүйесі өнімнің сапасын, оның ерекше сипаттамаларын және оны өндіруге байланысты факторларды қорғауға бағытталған.
  • Қазіргі уақытта АЖ саласындағы заңнамаға географиялық көрсеткіш (ГК) ретінде зияткерлік меншіктің жаңа объектісі енгізілуде. Заң жобасы ҚР Парламентінде талқылануда.