Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

Кыргызпатентпен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды

20 қазан, 2021
Бүгін, 2021 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК (Казпатент) мен Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Зияткерлік меншік және инновациялар мемлекеттік агенттігі (Кыргызпатент) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға (Меморандум) қол қойылды.
Қол қою рәсімін Казпатент директоры Ербол Оспанов алғы сөзбен ашып, Рахат Керимбаеваны Кыргызпатент директоры лауазымына тағайындалуымен құттықтап, кәсіби салада табыс тіледі, сондай-ақ Меморандум аясындағы ведомстволар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтті.
Рахат Керимбаева өз кезегінде осы Меморандумға қол қою ведомстволар арасындағы әріптестік қарым-қатынастардың дамуына оң әсер ететінін атап өтті.
Қол қою қорытындысы бойынша тараптар 2022 жылы Меморандум аясында өзара іс-қимылды бастауға ниет білдірді.