Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та жасампаз бол» оқушылар арасындағы үздік эссе конкурсының жеңімпаздары анықталды

22 қазан, 2021
2021 жылдың 22 қазанында «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та жасампаз бол» оқушылар арасында үздік эссе республикалық конкурсының қорытындысы анықталды. Конкурс 2021 жылдың 2 қыркүйегінде басталған. Конкурстың мақсаты – оқушылардың арасындағы шығармашылық белсенділікті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және тарату, жас ұрпаққа патенттік мәдениеттің негіздерін дарыту.
Конкурсқа 8-11 сынып жас санатындағы оқушылар қатысты. Конкурсқа Республика бойынша мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде барлығы 81 эссе түсті.
Комиссия шешімі конкурстың сайтында жарияланды: https://shapagat.kazpatent.kz/kk/content/okushylar-arasynda-bolashak-senin-kolynda-oylan-tap-ta-zhasampaz-bol-konkursy
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Сонымен қатар, 2021 жылғы 31 қазанында «Шапағат-2021» өнертапқыштар байқауына қатысу үшін өтінім беру мерзімі аяқталатынын еске саламыз: https://shapagat.kazpatent.kz/kk/contest
Патент иеленушілерді қатысуға шақырамыз!