Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Kazpatent ҚР ҰКП жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығымен бірлесіп оқыту вебинарын өткізді

24 ақпан, 2022

23-24 ақпанда Kazpatent ҚР ҰКП жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығымен бірлесіп Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарының кәсіпкерлері үшін "Зияткерлік меншік және ШОБ" тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.

Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.

Kazpatent сарапшылары тауар белгілері мен ТШЖА-ны құқықтық қорғау мәселелерін, кәсіпкерлік қызметтегі зияткерлік меншіктің маңыздылығы мен рөлін ашты.

Болашақта басқа өңірлердің кәсіпкерлері үшін де осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.