Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Kazpatent «Зияткерлік меншік - ҚР креативті индустрияларын дамытудың маңызды құралы» тақырыбында вебинар өткізді

03 наурыз, 2022
3 наурызда Kazpatent Павлодар мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін «Зияткерлік меншік - ҚР креативті индустрияларын дамытудың маңызды құралы» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.
Kazpatent сарапшылары авторлық құқықтарды, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау және тіркеу, өнертабыстарды халықаралық және өңірлік патенттеу мәселелерін, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру мәселелерін ашты.
Болашақта басқа ЖОО-лар үшін де осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.