Ұлттық зияткерлік меншік институты
17 наурызда Kazpatent Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.
Qazpatent сарапшылары авторлық құқықты қорғау және тіркеу, IT-шешімдерді патенттеу, авторлар мен жұмыс берушілердің өнеркәсіптік меншік объектілеріне мүліктік және мүліктік емес құқықтары, коммерцияландыру мәселелері, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін қорғау туралы мәлеметті ұсынды.
Болашақта басқа ЖОО-лар үшін де осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.