Ұлттық зияткерлік меншік институты
24 наурызда Kazpatent Qolday Кәсіпкерлік орталығымен бірлесіп кәсіпкерлер мен бизнес-бастамасы бар тұлғалар үшін "Тауар белгісі кәсіпкерлердің басты материалдық емес активтерінің бірі" тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.
Kazpatent сарапшылары тауар белгілері мен ТШЖА-ны құқықтық қорғау мәселелерін, кәсіпкерлік қызметтегі зияткерлік меншіктің маңыздылығы мен рөлі, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау мәселелерін ашты.
Болашақта зияткерлік меншіктің басқа объектілері бойынша да осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.