Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне арналған вебинар өтті

12 сәуір, 2022
12 сәуірде Kazpatent Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.
Kazpatent сарапшылары авторлық құқықты қорғау және тіркеу, коммерцияландыру мәселелері, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін қорғау туралы мәлеметті ұсынды.
Болашақта басқа ЖОО-лар үшін де осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.