Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Kazpatent "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС қызметкерлері үшін оқыту вебинар сериясын өткізді

21 сәуір, 2022

19-21 сәуір аралығында Qazpatent "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС қызметкерлері үшін "Зияткерлік меншік – өнеркәсіпті дамытудың қозғалтқышы" тақырыбында оқыту вебинар сериясын өткізді.

Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.

Qazpatent сарапшылары Қазақстандағы зияткерлік меншік саласының негізгі аспектілерін қарастырып, барлық сұрақтарға жауап берді.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.