Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Kazpatent халықаралық білім беру корпорациясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін оқыту вебинарын өткізді

26 сәуір, 2022
Сәуірдің 26 Kazpatent халықаралық білім беру корпорациясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін оқыту вебинарын өткізді.
Іс-шара Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеуге арналған IP Forum шеңберінде өткізілді.
Kazpatent сарапшылары зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясат, авторлық құқық объектілерін, өнеркәсіптік үлгілерді, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау мәселелерін, сондай-ақ Патенттік кооперация туралы шарт (PCT) шеңберінде халықаралық патенттеу және Еуразиялық патенттік Конвенция (ЕАПК) шеңберінде өнертабыстарды өңірлік патенттеу мәселелерін талқылады.
Вебинарға қатысушыларды сараптама жүргізу мерзімдері, тіркеу, сондай-ақ төлем әдістері туралы сұрақтар қызықтырды.