Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide

"Контрафакт" акциясы аясында Казпатент төртінші "Жас өнертапқыш мектебін" өткізді

19 мамыр, 2022

8-11 сынып оқушыларының қатысуымен іс-шара Хабар агенттігінің "Үлкен жолдың жалғасы" атты оқушылар байқауы туралы арнайы шығарылымының көрсетілімінен бастамасын алған болатын.

Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Инкара Шертышева оқушыларға талантты жастар арасында өнертапқыштық белсенділікті ынталандыруға бағытталған Казпатент өткізетін іс-шаралар туралы айтып берді.

Инкара Шертышева

Оқушылар алдында зияткерлік меншік құқығы орталығының (IPR Center) басшысы Алтын Сапарғали және тауар таңбалары және шығарылған жерлердің атауларын сараптау басқармасының бас сарапшысы Азат Накенов сөз сөйлеп, барлық тауар белгілері мен контрафактілік қызметті құқықтық қорғаудың негізгі аспектілерін талқылаған болатын.

Алтын Сапарғали Азат Накенов

Іс-шара барысында оқушылар өнертапқыштық тақырыбына арналған интерактивті викторинаға қатысты. Ең белсенді қатысушылар естелік сыйлықтар иемденді.

Оқушылар арасында зияткерлік меншік объектілерін тіркеуге өтінім беру рәсімдерінің қолжетімділігі мен қарапайымдылығын атап өткен өнер туындыларын тіркеуге куәлігі бар оқушылар болғанын атап өткен жөн.

Оқытушылар мен оқушылар өз әсерлерімен бөлісті, жастардың шығармашылық әлеуетін ашу үшін осындай іс-шараларды өткізудің пайдалылығы мен маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс айтып, айтылған конкурстарға қатысуға бейілділіктерін білдірді.