Ұлттық зияткерлік меншік институты
2022 жылғы 23 мамырында Qazpatent өкілдері астаналық «Astana Polytechnic» политехникалық колледжіне барды.
Студенттермен кездесуде Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Инкара Шертышева зияткерлік меншіктің рөлі мен маңызын насихаттау бойынша Qazpatent қызметі туралы айтып, зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың маңыздылығын атап өтті.
Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі орталықтың (IPR Center) басшысы Алтын Сапарғали тыңдаушыларға контрафактілік өнім дегеніміз не, контрафактілік өнім несімен қауіпті, өзіңізді жалғаннан қалай қорғау керектігі және т.б. туралы айтып берді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында студенттерге ағымдағы жылдың шілде айында жоспарланған ДЗМҰ жазғы мектебі туралы ақпарат ұсынылды.