Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent-те Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдерімен кездесу өтті

27 мамыр, 2022

Qazpatent ғимаратында 2022 жылы 27 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Превенция басқармасының бас маманы А.А. Ансаганова және пул спикер А.Т. Магзумның қатысуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының міндеттерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Жоғарыда көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері жұмыскерлерге ағымдағы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы бекіткен алдағы 5 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді.

Қатысушылардың назары келесі міндеттерге аударылды: сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мониторингі, уәкілетті органның қызметін жетілдіру.

Пул спикердің айтуынша, заң мен сот алдында баршаның теңдігін қамтамасыз етуге басты назар аудару ұсынылады. Бұл үшін сот билігі мен судьялардың тәуелсіздігін күшейту, құқық қорғау органдары қатарының тазалығын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар әзірленді.

Qazpatent қызметкерлері 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері туралы хабардар болды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлағаны үшін көтермелеу жүйесі және 1424 Call-орталығында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау тәртібі туралы хабардар етілді.