Ұлттық зияткерлік меншік институты
Бүгін 2022 жылғы 4 маусымда Бас хатшы Чжан Мин бастаған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) Хатшылығының делегациясы Qazpatent-ке барды.
Қонақтарды Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова мен Kazpatent директоры Ербол Оспанов қарсы алды.
Ербол Оспанов делегацияны Kazpatent қызметінің негізгі бағыттарымен, патенттік жүйедегі соңғы заңнамалық өзгерістермен және ведомствоның сандық көрсеткіштерімен таныстырды.
Сондай-ақ, тауар белгілері, тауарлар мен өнеркәсіптік үлгілер шығарылған жерлердің атаулары департаментінің және Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің сарапшылары делегация мүшелерін ШЫҰ елдерінің өтінім беру көрсеткіштерімен таныстырды.
Чжан Мин мырза патенттік жүйенің жұмысына қызығушылық танытып, зияткерлік меншік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді.