Ұлттық зияткерлік меншік институты
5 маусымда Qazpatent өкілдері Ақтау қаласының «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» ұйымдастырған «Caspian Startup» байқауы аясында Зияткерлік меншікті сақтау және қорғау бойынша мастер-класс өткізді.
Мастер – класта спикерлер ретінде патенттік құжаттаманы дайындау және жариялау басқармасының басшысы Срайыл Замира Болатханқызы, сондай – ақ зияткерлік меншік құқығы орталығының (IPR Center) бас сарапшысы Ұлханова Аружан Асылбекқызы сөз сөйледі.
Патенттік құжаттаманы дайындау және жариялау басқармасының басшысыСрайыл Замира Болатханқызы |
Зияткерлік меншік құқығы орталығының (IPR Center) бас сарапшысы Ұлханова Аружан Асылбекқызы |
Qazpatent сарапшылары авторлық құқықты, тауар белгілерін құқықтық қорғау, IT-шешімдерді патенттеу, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау мәселелерін қамтыды.
Мастер-класс қатысушыларын өтінім беру рәсімі, айрықша құқықтардың ауысу тәртібі, қорғаудың қолданылу мерзімі, сондай-ақ патент алуға сараптама кезеңдері мәселелері қызықтырды.