Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы-2022» атағын беру бойынша конкурстың қорытындысы жарияланды

23 маусым, 2022

2022 жылғы 22 маусымда «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті. Сыйлық-ең маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларын марапаттау нысаны.

Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беруге үміткер кандидаттарға 13 өтінішхат ұсынылды.

Конкурстық комиссияның шешімі негізінде Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 211 НҚ бұйрығымен ең көп балл жинаған төрт үміткерге «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы – 2022» атағы берілді: Юрий Николаевич Пак, Қарағанды қ. «Геология және ПКОҚӨ» кафедрасының техника ғылымдарының докторы, Әбділда Тұрсынханұлы Мейірбеков,техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Нүркелді Сатыбалдыұлы Асанов, Алматы қ. «Волковгеология» АҚ бас инженері және Күнсұлу Дальтонқызы Закарья,Жамбыл облысы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры.

Конкурстық комиссияның құрамына Білім және ғылым, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау және энергетика саласындағы мемлекеттік органдардың, патенттеу саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Әділет органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелері және сараптама ұйымының (Қазпатент) қызметкерлері кіреді.

Сонымен қоса, жеңімпаздарға «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» дипломы мен естелік лентасы табыс етіледі.

Құттықтаймыз!