Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Қазақстан делегациясы Женевада ДЗМҰ-ға мүше мемлекеттер ассамблеясының отырысына қатысуда

14 шілде, 2022

Қазақстан делегациясы Женева қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер Ассамблеясы отырыстарының 63-ші сериясына қатысуда. Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік департаменті директорының орынбасары Гүлнар Каймулдина және Qazpatent өкілдері атынан директор Ербол Оспанов, директордың орынбасары Айша Жумабекова және даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Инкара Шертышева бар.

суретте: Инкара Шертышева,АйшаЖумабекова, Ербол Оспанов,Гүлнар Каймулдина

ДЗМҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібіне ДЗМҰ тұрақты комитеттерінің есептерін, зияткерлік меншік саласындағы жаһандық қызметтерді және ДЗМҰ Бас директоры ұсынатын халықаралық шарттарды жүзеге асыру әкімшілігіне және ДЗМҰ Конвенциясы шеңберіндегі басқа да тиісті функцияларға қатысты іс-шараларды қарау кіреді.

Бас Ассамблея әкімшілік функцияларын ДЗМҰ атқаратын ДЗМҰ конвенциясына және басқа да халықаралық келісімге қатысушы мемлекеттерден тұрады.

https://www.wipo.int/about-wipo/ru/assemblies/2022/a-63/index.html