Ұлттық зияткерлік меншік институты
Құқық қорғау жөніндегі Консультативтік комитеттің он бесінші сессиясы Женевадағы ДЗМҰ штаб-пәтерінде де, онлайн-платформаны пайдалану арқылы да гибридті форматта өткізілді.
COVID-19 пандемиясынан туындаған екі жылдық үзілістен кейін Комитет зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және оларды құрметтеуді қамтамасыз ету саласындағы халықаралық саясатты талқылау үшін жаһандық форум ретіндегі рөліне қайта оралуда. Аталған комитеттің отырыстары зияткерлік меншік құқықтарының бұзудың алдын алу және онымен күресу мәселелері бойынша идеялар мен тәжірибе алмасу алаңы болып табылады.
Әлемнің түкпір-түкпірінен дамыған және дамушы елдердің 30-дан астам баяндамашылары келесі тақырыптар аясында соңғы өзгерістер мен ұлттық тәжірибені талқылады:
· Интернеттегі зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына қарсы іс-қимылдың институционалдық тетіктері
· Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша қызметті үйлестіру
· Зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудағы делдалдардың рөлі (іс жүзінде және жеке)
· Мамандандырылған ақпараттық-ағартушылық өнімдер немесе іс-шаралар
· Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жұмысындағы жаңа технологиялар
· Зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуы туралы істер бойынша шешімдер шығару
· Зияткерлік меншік құқықтарына құрметті қалыптастыру бойынша әлеуетті нығайту бойынша ДЗМҰ іс-шаралары
Қазақстандағы мемлекеттік бастамалар, ынтымақтастықты нығайту, түсіндіру және ақпараттық іс-шаралар ауқымын кеңейту туралы ақпаратты зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі орталықтың (IPR Center) басшысы АлтынСапарғали таныстырды.
Жұмыс құжаттары мен интернет-трансляциялар жазбалары Комитет веб-бетінде қолжетімді.