Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Өтінім берушілер мен барлық мүдделі тұлғалардың назарына!

20 қыркүйек, 2022

Еуразиялық патенттік ведомство (ЕАПВ) жұмысының басталуына байланысты халықаралық іздестіру органы және халықаралық алдын ала сараптама органы ретінде PCT – Патенттік кооперация туралы шарт жүйесіне арналған білім беру тренингтерінің сериясы басталатынын хабарлаймыз.

Бірінші вебинар 2022 жылғы 26 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 14.00-де «е-РСТ порталы арқылы халықаралық өтінімді электронды түрде беруді көрсету» тақырыбы бойынша өтеді. Көрермендерге еРСТ порталы арқылы халықаралық өтінім беру алгоритмі көрсетіледі, РСТ өтінімін дайындау және беру үшін портал функционалы түсіндіріледі. Демонстрацияны Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) патенттер мен технологиялар секторының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің (РСТ) ведомстволық қызметтер секциясы бағдарламаларының жетекшісі Ольга Крысанова жүргізеді.

Вебинар орыс тілінде өткізіледі және өтініш берушілерге, патенттік сенім білдірілген өкілдерге, АЖ бөлімдерінің қызметкерлеріне және өнертапқыштарға арналған.

Тіркелу сілтемесі:

https://register.gotowebinar.com/register/4447658000606843659?source=IG

Вебинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға маманның сөз сөйлеуіне түсініктеме беру және қызықтыратын сұрақтар қою мүмкіндігі беріледі.