Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Қазпатент сарапшылары Астана қаласы Әділет департаменті ұйымдастырған «Өнер және зияткерлік меншік» атты дөңгелек үстелге қатысты

22 қыркүйек, 2022

22 қыркүйекте Қазпатент сарапшылары Астана қаласы Әділет департаменті ұйымдастырған «Өнер және зияткерлік меншік» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Аталған іс-шараға Астана қаласы мәдениет басқармасының, Суретшілер одағының, «Ауыз және аяқпен жазатын баспа» ЖШС және «Қазақстандық авторлық қоғам» РҚБ өкілдері қатысты.

Қазпатент атынан дөңгелек үстел спикерлері ретінде Өнеркәсіптік үлгілерді сараптау басқармасының басшысы Ляззат Салкен, Авторлық құқық басқармасы басшысының орынбасары Саят Шидербеков, Зияткерлік меншік құқығы орталығының (IPR Center) бас сарапшысы Аружан Ұлханова сөз сөйледі.

Қатысушыларды авторлық құқық объектілеріне айрықша құқықтарды беру, шет елдердегі авторлық құқықтарды қорғау режимі, автордың мүліктік құқықтарын мұраға алу, қорғаудың қолданылу мерзімі, авторлық құқық объектісіне куәлік алу процесі, өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау ерекшеліктері, сондай-ақ автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарын қорғау процесі мәселелері қызықтырды.