Ұлттық зияткерлік меншік институты
Спорт еңбек ұжымын біріктіру мен ынталандырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде ҚР Әділет министрлігінің қызметкерлері арасында өткізілген спорттық жарыстар мұны көрнекі түрде көрсетті.
Спорттық жарыстар әділет органдары күніне 30 жыл толуына орай ҚР Әділет министрлігімен ұйымдастырылды.
Казпатент футболшыларының командасы мини-футболдан жарыста абсолютті жеңіске жетіп, 1 орын алды.
Футбол 1орын: Шидербеков С. (команда капитаны), Жандос Байкенов, Азат Накенов, Азамат Картбаев, Дархан Ержанов, Нурканат Сактаганов, Ерганат Калымгазинов, Куат Роман |
Волейбол командасы да 1 орынға ие болды.
Волейбол 1орын: Шидербеков С. (команда капитаны), Байкенов Ж., Ансаган Какин, Дархан Ержанов, Инкара Шертышева, Ляззат Салкен, Олжас Кудайбергенов |
Үстел теннисі жарыстарында да сәттілік Казпатент қызметкерлерінің жағында болды.
Әйелдер арасында 2-ші орынды Инкара Шертышева, 3-ші орынды Ләззат Салкен иеленді.
Ерлер арасында 1 орынды Олжас Құдайбергенов, 3 орынды Саят Шідербеков иеленді.
Теннис: Инкара Шертышева - 2орын | Теннис: Ляззат Салкен - 3 орын |
Жарыс жеңісін Казпатент спортшылары Қазақстанның ұлттық патенттік жүйесінің 30 жылдығына арнады.
Өткен спорттық жарыстар Казпатент ұжымын одан әрі топтастырды, бұл, сөзсіз, қызметкерлердің кәсіби қызметіне оң әсер етеді.
Біздің спортшыларға және белсенді жанкүйерлерге лайықты ойын көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.
Спорттық турнирге қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде ҚР Әділет министрлігінде өтеді.