Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Әділет министрі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқыштарын марапаттап, ДЗМҰ медальдары мен оларға алтын медальдарды табыс етті. В. И. Блинникова

03 қазан, 2022

2022 жылдың 30 қыркүйегінде Қанат Мусин ҚР еңбек сіңірген төрт өнертапқышына салтанатты түрде дипломдар мен естелік ленталар табыс етті. «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы неғұрлым маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторлары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары арасында конкурс нәтижелері бойынша беріледі. Биыл комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беруге үміткер кандидаттарға 13 өтініш ұсынылды.

Конкурстық комиссияның шешімі негізінде Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 211 нқ бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы – 2022» атағы ең көп балл жинаған төрт үміткерге берілді:

1. Нүркелді Сатыбалдыұлы Асанов, Алматы қ. «Волковгеология» АҚ бас инженері

2. Күнсұлу Дальтонқызы Закарья, биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры

3. Юрий Николаевич Пак, Қарағанды қ. «Геология және ПКОҚӨ» кафедрасының техника ғылымдарының докторы

4. Әбділда Тұрсынханұлы Мейірбеков, техника ғылымдарының кандидаты, халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі

Нүркелді Сатыбалдыұлы Асанов Күнсұлу Дальтонқызы Закарья

Юрий НиколаевичПак Әбділда Тұрсынханұлы Мейірбеков

Сондай ақ Әділет министрінің қолынан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының марапаттары табысталды:

- Юрий Александрович Синявский, биология ғылымдарының докторы, профессор «Өнертапқыштық үшін» номинациясы бойынша;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына «ЗМ саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша.

- Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы Дияс Зиятбек «оқушыларға арналған» номинациясы бойынша.

Юрий АлександровичСинявский Күнсұлу Дальтонқызы Закарья

Дияс Зиятбек

В. И. Блинников атындағы алтын медальдар – Қазақстанның патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының төрағасы Модангуль Маруповна Тагбергеноваға, Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі мен Еуразиялық патенттік сенім білдірілген өкілге және биология ғылымдарының докторы, профессор Блок Шайкенович Шайкеновке табысталды.

В.И. Блинников атындағы алтын медальмен Еуразия өңірінде өнертапқыштық қызметті дамытуға және өнертабыстарды құқықтық қорғауға елеулі үлес қосқан өнертапқыштар, мамандар және зияткерлік меншік саласындағы ұйымдар марапатталады.

Медальмен наградтау туралы шешімді Еуразиялық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесі Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттердің әкімшілік кеңестегі өкілетті өкілдерінің және Еуразиялық патенттік ведомство Президентінің ұсынуы бойынша қабылдайды.

Айта кетейік, алтын медальмен А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты мен Алматы энергетика және байланыс университеті марапатталды.

Модангуль МаруповнаТагбергенова Блок ШайкеновичШайкенов

Бұл күні Әділет органдарының 30 жылдығына орай Қанат Сергеевич ҚР ӘМ және ведомство қызметкерлеріне, үздік адвокаттарға, нотариустарға, сот сарапшыларына, әділет органдарының ардагерлеріне марапаттар табыс етті.

Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.