Қазпатентте Technology Commercialization Point өтеді
"Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК (бұдан әрі - ҚазПАТЕНТ) қабырғасында Технологияларды коммерцияландыру саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылау үшін "Технологияларды коммерцияландыру алаңы" ("Technology Commercialization point") іс-шарасын өткізу жоспарлануда. Іс-шараның ұйымдастырушысы "Ғылым қоры"АҚ болып табылады.
Ғалымдарды, зерттеушілерді, технологияларды коммерцияландыру бойынша мамандарды, кәсіпкерлерді және басқа да мүдделі тараптарды қатысуға шақырамыз.
Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 57А, Казпатент ғимараты, 1-қабат, конференц-зал.
Өткізілетін күні мен уақыты: 2022 жылғы 28 қазаны, сағат 15:00.