Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Qazpatent алаңында Technology Commercialization point семинары өтті

28 қазан, 2022

2022 жылғы 28 қазанда Технологияларды коммерцияландыру саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды. Іс-шараны "Ғылым қоры" АҚ және Qazpatent ұйымдастырды.

Гибридті форматта өткен іс-шараға ғалымдар, зерттеушілер, Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Іс-шараны "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасы Әбділда Шаменов пен Qazpatent директорының орынбасары Айша Жұмабекова құттықтау сөзімен ашты.

Кездесуге қатысушылар ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ практикалық тәжірибе негізінде өз ұсыныстарын берді.

Қатысушылардың қатарында елордалық ұйымдар мен жоғары оқу орындарынан басқа "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" КЕАҚ, "С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті" КЕАҚ және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы сияқты өңірлердің өкілдері қатысқаны қуантады.

Кездесу соңында Qazpatent өкілдері зияткерлік меншік саласындағы мәселелерді жариялау мақсатында ұйымдарға, бизнес және ғылым өкілдеріне диалог алаңын құруға және ұсынуға дайын екендіктерін білдірді.