Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

Қазпатент сарапшылары III коммерцияландыру реакторына қатысты

31 қазан, 2022

31 Қазанда Қазпатент сарапшылары "Ғылым қоры" АҚ және "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырған III коммерцияландыру реакторына қатысты.

Аталған іс-шарада "Ғылым қоры" АҚ грант алушылары технологияларды коммерцияландырудың табысты кейстері туралы айтып берді, ал ғалымдар аяқталған ғылыми жобалармен танысуға және ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған жаңа конкурстарға бірлесіп қатысу үшін бизнес-серіктестерді іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

Қазпатент сарапшылары зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мәліметпен бөлісті: қатысушыларды зияткерлік меншік объектілерін тіркеу процесі қызықтырды.

Коммерцияландыру реакторына Нұрдәулет Әбілқайыров, директордың орынбасары, Алтынай Батырбекова, Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы, Инкара Шертышева, Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы, Динара Молдахметова, Байланыс орталығының басшысы, Аружан Ұлханова, Зияткерлік меншік құқықтары орталығының (IPR Center) бас сарапшысы қатысты.