Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

CANDY V АЛМАТЫ АПОРТЫН ІЛГЕРІЛЕТУДЕ

02 қараша, 2022

Бүгін Қазпатентке «Қазақстандық қант, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі ассоциациясы» ЗТБ президенті Айжан Наурызғалиева мен вице-президент Инна Митрофанова жұмыс сапарымен келді.

«Қазақстандық қант, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі ассоциациясы» - бұл 2012 жылы құрылған және Қазақстан Республикасының қант, тамақ және қайта өңдеу салалары ұйымдарын-қауымдастық мүшелерін қолдауға және дамытуға жәрдемдесуге, заң шығару қызметіне қатысуға, шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстарды нығайтуға маманданған коммерциялық емес ұйым.

Қонақтар Қазпатент ұжымының алдында «Географиялық көрсеткіштер арқылы өнімді даралау құралдары туралы хабардарлықты арттыру» тақырыбында сөз сөйледі.

Кездесу барысында қауымдастық өкілдері CANDY V жобасы туралы айтып берді, оның негізгі мақсаты Тәжікстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және Қазақстанда ауыл шаруашылығы ХМСҚ өсуіне жәрдемдесу, осылайша Орталық Азия елдерінің халықаралық саудаға интеграциялануына ықпал ету болып табылады.

CANDY V жобасы аясындағы бағыттардың бірі географиялық көрсеткіштер (ГК) арқылы өнімді жылжыту болып табылады. Жоба серіктестері және онымен байланысты мүдделі тараптар ГК ретінде тіркелуі мүмкін өнімдерді таңдау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Пилоттық жобаға қатысу үшін Қазақстаннан Алматы апорты іріктелді. Өнімді ГК ретінде ілгерілету өңірдің танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді және облыс экономикасын арттыруға ықпал ететін болады.

Кездесу барысында CANDY V консорциумының тәсілдері, ГК бойынша ұлттық жұмыс топтарын қалыптастыру, әлеуетті арттыру, бірлескен түгендеу, ТЭН, скрининг және іріктеу, пилоттау (қауымдастықтар, ерекшеліктер, бақылау) жарияланды.

Сонымен қоса, қонақтар Алматы апорты туралы бейнеролик ұсынды, оның ерекше қасиеттері мен сипаттамаларын ашты.

Өз кезегінде Қазпатент басшылығы заңға тәуелді актілерді нақтылау, өндірушілерге спецификация мен бақылау тетігін және ГК-мен тауарларды жылжыту жүйесін әзірлеуге көмектесу арқылы ГК-ні ілгерілету жоспарларын білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алматылық алмалар бүкіл әлемге танымал ұлттық брендке айналуы мүмкін екенін айтқан болатын.

«Қазақстандық қант тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі ассоциациясы»