Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Qazpatent және QazInnovations ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

25 қараша, 2022

Бүгін, 2022 жылғы 25 қарашада Qazpatent директоры Ербол Оспанов және "QazInnovations" инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы Санат Аханов инновациялық және технологиялық даму мәселелері бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Тараптар зияткерлік меншік және инновациялық технологиялар саласындағы озық тәжірибе мен біліммен алмасу туралы уағдаласты.

Келісім патенттік ведомство мен Агенттіктің әріптестік қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге арналған, оның миссиясы елдің инновациялық және технологиялық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Бірлескен күш-жігер мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, технологиялық инновациялар мен жаңа жаңалықтарды дамыту мәселелері бойынша үйлестіру мен кеңес беруге бағытталатын болады.