Интегралдық микросхемалар топологиясын тіркеу туралы куәлік - 9

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Мәртебесі 

Жарамды

(11) Қорғау құжатының № 

9

(12)

Тіркеу туралы куәлік

(21) Өтінім нөмірі

2024006

(22) Өтінім берілген күн

03.10.2024

(57) Реферат

Көпфункционалды модуль келесі атқарымдарды орындайды: - 50 Гц жиіліктегі айнымалы токтың үш фазалы төрт сымды тізбектерінде тікелей және кері бағытта белсенді және реактивті энергияны өлшеу және есепке алу және көп тарифтік есепке алуды ұйымдастыру; - кіріктірілген интерфейстер бойынша ақпаратты дербес, сондай-ақ автоматты басқару және ақпарат жинау жүйелерінде түрлендіру, сақтау және беру; қолдану саласы-есеп өнеркәсіптік кәсіпорындардағы, коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі және энергетика объектілеріндегі электр энергиясын, оның ішінде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері (ЭКЕАЖ) құрамындағы байланыс арналары бойынша деректермен ақпараттық алмасумен. Көпфункционалды модуль аналогты-цифрлық түрлендіргіштердің фазалық кіріс сигналдарының лездік мәндерін өлшеуіне, содан кейін микроконтроллердің белсенді энергиясын, сондай-ақ желінің басқа параметрлерін есептеуге негізделген: кернеулер мен токтардың орташа квадраттық мәндері, белсенді, реактивті және толық қуат, реактивті энергия жиынтық және фазалық, фазалық белсенді қуат коэффициенті, желі жиілігі. Көпфункционалды модульдің құрамында: тоқ сезбектері (шунттар немесе тоқ трансформаторлары), микроконтроллер, деректердің тұрақсыз жады, тәуліктің тарифтік аймақтары бойынша электр энергиясын есепке алуға мүмкіндік беретін нақты уақыттағы кіріктірілген сағаттар, калибрлеуге және тексеруге арналған оптикалық және электрлік сынақ шығыс құрылғылары, өлшенетін ақпаратты көруге арналған СК дисплейі, терминал қақпағын ашу датчиктері, корпустар, магнитпен әсер ету, радио өріс, есептегіш ішіндегі температура. 0,5 S және 0,5 S/0,5 дәлдік класының көпфункционалды модулі тоқ өлшеу трансформаторлары арқылы желіге қосылуға арналған, 1 және 1/1 дәлдік класының есептегіштері тоқ өлшеу трансформаторлары арқылы желіге қосылады.


(54) Атауы

Үш фазалы көпфункционалды 10А электр энергиясын есептегіш модулі

(73) Патент иесі

"Қазақстандық құбыр жүйелері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

(72) Автор (лар)

Набиев Ерлан Ибрайымович

(45) Бюллетень нөмірі мен күні

№ 41 - 11.10.2024

Жарамдылық мерзімі

03.10.2034