Ұлттық зияткерлік меншік институты
"Коммерцияландыру шарттары"
Айрықша құқықты беру туралы шарт (басқаға беру)
Топологияға айрықша құқық шарт бойынша толық немесе ішінара басқа тұлғаға берілуі мүмкін, сондай - ақ мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен және құқық иесі - заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде ауысады.
Лицензиялық шарт
Лицензиялық шарт бойынша құқық иесі (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгілі бір тәсілмен уақытша пайдалану құқығын береді.
1) лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін және басқа тұлғаларға лицензия беру құқығын сақтай отырып (қарапайым, айрықша емес лицензия);
2) лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтамай және басқа тұлғаларға лицензия беру құқығынсыз (айрықша лицензия).
Топологияға айрықша құқықты беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады.
Тіркелген топологияға айрықша құқықты беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар сараптама ұйымында тіркелуге жатады.
"Айрықша құқықтарға билік ету туралы шарттарды тіркеу"
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар мен мәліметтер тізбесі:
1) Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ИМТ-ге айрықша құқықты беру немесе лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе Қағидалардың 8, 9, және 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық түрдегі лицензиялық шарттың талаптарын қамтитын өзге шарт бойынша ТИМ-ге пайдалану құқығын беру үшін өтініш берушінің өтініші;
2) селекциялық жетістікті пайдалануға құқық беру туралы шарттың электрондық көшірмесі не шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) ұлттық көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдары шешімінің, шартты жасасу және кәсіпорын басшысының шартқа қол қою жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының электрондық көшірмесі;
4) өкіл арқылы өтініш берілген жағдайда сенімхаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті беруші төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет"шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017330
Ұсынылатын өтініштер мен шарттар бланкілерінің үлгілері
Өтініш беру сілтемесі https://newcab.kazpatent.kz/