ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЕКІТАРАПТЫҚ КЕЛІСІМДЕР НЕГІЗГІНДЕГІ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Жұмыс істеп келе жатқан жылдар ішінде ҰЗМИ тұрақты негізде халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ өңірлік және ұлттық патенттік ведомстволармен екіжақты негізде өзара іс-қимылды кеңейтіп және нығайтып келеді. 

  • 2015 жылғы 7 қазанда Женева қаласында (Швейцария) ДЗМҰ-ға мүше мемлекеттер Ассамблеясы отырысының 55-ші сериясының жұмысы шеңберінде ҰЗМИ мен Француз Республикасының Ұлттық өнеркәсіптік меншік институты (INPI) арасында ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.
  • 2016 жылғы 16 мамырда ҰЗМИ мен Кореяның Зияткерлік меншік ведомствосы (КЗМВ) арасында ҰЗМИ автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жетілдіру және дамыту бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
  • 2016 жылғы 8 желтоқсанда ҰЗМИ мен АҚШ Патенттер мен тауар белгілері жөніндегі ведомство (USPTO) арасында екіжақты ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.
  • 2017 жылғы 10 қыркүйекте ДЗМҰ мен Қытай Халық Республикасының Зияткерлік меншік жөніндегі мемлекеттік ведомствосы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
  • 2021 жылғы 5 қаңтарда ҰЗМИ мен Түрік ведомствосы арасында патенттер мен тауар белгілері бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
  • 2021 жылғы 6 сәуірде бейнеконференцбайланыс форматында Ұлттық зиятклік меншік институты мен Еуропалық одақтың зияткерлік меншік ведомствосы (EUIPO) арасында екіжақты ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
  • 2021 жылғы 21 шілдеде ҰЗМИ мен Беларусь Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік орталығы арасында өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды.
  • 2021 жылғы 20 қазанда ҰЗМИ мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік зияткерлік меншік және инновациялар агенттігі (Қырғызпатент) арасында өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды.
  • 2023 жылғы 7 шілдеде ДЗМҰ-ға мүше мемлекеттер Ассамблеялары отырыстарының 64-ші сериясы аясында Казпатент пен Жапон патенттік ведомствосы (JPO), Британдық патенттік ведомствосы (UKIPO) және Әзірбайжан патенттік ведомствосы (COPAT) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Толығырақ танысу