ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Зияткерлік меншікті қорғау жүйесін дамытуда Қазақстан Республикасы, Еуропалық қоғамдастықтар және оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім және,  бір жағынан, Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан, Еуропалық Одақтың және оған мүше мемлекеттердің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберіндегі Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақпен ынтымақтастығы маңызды практикалық рөл атқарады.

Бір жағынан, Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан, Еуропалық Одақтың және оған мүше мемлекеттердің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім (Брюссель, 1995) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 26 мамырдағы №113-I Заңымен ратификацияланды.

Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы өзара қарым-қатынастар тарихының жаңа кезеңінің басталуы 2015 жылдың 21 желтоқсаны саналады. Осы кезде еліміздің астанасында Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 25 наурыздағы № 475-V Заңымен ратификацияланып, 2020 жылы 1 наурыздан бастап күшіне енген, Бір жағынан, Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан, Еуропалық Одақтың және оған мүше мемлекеттердің арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы келісімге қол қойылды.

Келісімнің «Сауда және кәсіпкерлік» атты III бөлімінің 7-тарауы зияткерлік меншік мәселелеріне арналған. Оның мақсаты тараптар арасында инновациялық және шығармашылық өнімдерді өндіруге және коммерцияландыруға жәрдемдесу және зияткерлік меншік құқықтарын күзету мен қорғаудың тиісті әрі тиімді деңгейіне қол жеткізу болып табылады.

«Қағидаттар» атты 7-тараудың 1-бөлімінде тараптар өздері қатысушылары болып табылатын зияткерлік меншікке қатысты халықаралық шарттардың тиісінше әрі тиімді орындалуын қамтамасыз етуге; технологияларды беруді қозғайтын зияткерлік меншік құқықтарын күзету мен қорғау жөніндегі өз заңнамасы мен халықаралық практика туралы пікір және ақпарат алмасуға; құқықтардың түгесілу қағидаттарын қолдануға қатысты жалпы ережелер баяндалған.

Қазіргі уақытта Келісімнің ережелері іске асырылуда. Мәселен, оның ережелерінде Дүниежүзілік Банктің «Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту»жобасын іске асыру қорытындылары бойынша 2018 жылы ұсынылған халықаралық құқықтық тәжірибеге сәйкес зияткерлік меншік саласындағы нормаларды жетілдіру жөніндегі халықаралық сарапшылардың ұсынымдары негізделеді.

Ұсынымдар зияткерлік меншік туралы заңнаманың жекелеген нормалары мен институттарына жатады және тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерді сапалы қорғауды қамтамасыз етуді; компьютерлік бағдарламалар мен алгоритмдердің патентке қабілеттілігінің қазіргі тәсілін сақтай отырып, компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етілімге қатысты құқықтарды патенттеуді енгізуді;  сараптама ұйымына жарияланған өтінімдерге қатысты қарсылық (оппозиция) институтын енгізуді; географиялық нұсқамаларды қорғау жүйесін қалыптастыруды болжайды;  2014 жылғы 26 ақпандағы «Авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару және ішкі нарықта онлайн пайдалану үшін музыкалық туындыларға құқықтарды көп аумақтық лицензиялау туралы» 2014/26 Еуропа парламенті мен Кеңесінің Директивасына сәйкес міндеттемелерді қабылдау арқылы олардың міндеттерді орындауына қатысты рационалдау және ашықтықтың неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін МҚҰЖ  ұйымдастыру мен қызметін жетілдіру. Қазіргі уақытта олар зияткерлік меншік мәселелері бойынша заң жобаларында жүйелі түрде іске асырылуда.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы № 128-VII Заңымен ұлттық заңнаманы келісіммен үйлестіру мақсатында тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерге қатысты қысқа мерзімді қорғау енгізілді.

2021 жылғы 6 сәуірде бейнеконференцбайланыс форматында ҰЗМИ пен Еуропалық Одақтың зияткерлік меншік ведомствосы (EUIPO) арасында екіжақты ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазіргі уақытта ведомстволар тауар белгілері мен өнеркәсіптік үлгілерді сараптау рәсіміне байланысты екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыруда.