ЕУРАЗИЯЛЫҚ ПАТЕНТТІК ҰЙЫМ ІШІНДЕГІ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Халықаралық ынтымақтастықтың маңызды саласы Қазақстан Республикасы Президентінің «Еуразиялық патент конвенцияны ратификациялау туралы» 1995 жылғы 18 шілдедегі №2364 Жарлыққа қол қоюы арқылы мүмкін болған Қазақстан Республикасының Еуразиялық патенттік ұйымға (ЕАПҰ) мүшелігімен байланысты.

Еуразиялық патент конвенцияға 1994 жылғы 9 қыркүйекте қол қойылды. Қазіргі уақытта оның мүшелері – Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Түркіменстан.

Еуразиялық патенттік жүйенің жұмысы әкімшілік міндеттердің орындалуын көздейді. Осы мақсатта конвенция Еуразиялық патенттік ұйымды (ЕАПҰ) құру туралы ережелерді қамтиды. Бұл жүйенің органдары Әкімшілік кеңес және Еуразиялық патенттік ведомство (ЕАПВ) болып табылады. ЕАПВ-ны аталған ұйымның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылатын және оның атынан өкілдік ететін Президент басқарады.

Толығырақ танысу