ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ҚАТЫСУЫ

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Ұлттық зияткерлік меншік жүйесін жаңғырту мен ықпалдастырудың маңызды бағыты халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Шетелдермен және халықаралық ұйымдармен әріптестік байланыстарды дамыту мынадай мақсаттарда әртүрлі деңгейлерде жүзеге асырылады:

- зияткерлік меншікті күзету мен қорғаудың нысандары мен тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ біріздендіру;

- Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы еліміз үшін пайдалы бірқатар халықаралық шарттарға қосылуы;

- зияткерлік меншік құқықтарын тіркеуге арналған өтінімдерге сапалы сараптама жүргізу үшін шетелдік ақпараттық базаларға кіруге рұқсат алу;

- зияткерлік меншік саласындағы мамандардың біліктілігі мен білім деңгейін арттыру;

- зияткерлік меншік құқығы, оның ішінде контрафактілік өнім айналымы саласындағы бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;

- Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өңірлік орталық ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету.

ҰЗМИ халықаралық ынтымақтастығы мыналар арқылы жүзеге асырылады:

- зияткерлік меншіктің жаһандық жүйелеріне қатысу;

- зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласындағы аймақтық және екіжақты серіктестік.

Жаһандық аспектідегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бағыттары Бүкілодақтық зияткерлік меншік ұйымымен және Дүниежүзілік сауда ұйымымен көпжақты өзара іс-қимыл болып табылады.

Өңірлік ынтымақтастық Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық патенттік ұйым, Еуропалық одақ, Еуразиялық экономикалық одақ және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде жасалған бірқатар келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Ұлттық зияткерлік меншік институты екіжақты үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер шеңберінде де нәтижелі ынтымақтасады.