Ұлттық зияткерлік меншік институты
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің нормалары онда қолданылып жүрген құқық болып табылады. Бұл ретте Республика ратификациялаған халықаралық шарттар Республика заңдарынан басым болады. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында белгіленген (4-баптың 1, 3-тармақтары).
Қазақстан Республикасында зияткерлік меншікті құқықтық реттеу дәстүрлі жалпы жіктеуді негізге ала отырып, әртүрлі негіздер бойынша сараланатын халықаралық келісімдердің дамыған жүйесімен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ қатысушылар арасында көпжақты және екіжақты келісімдер бар. Көпжақты шарттар халықаралық құқықтың барлық субъектілері қатыса алатын әмбебап (жалпы) шарттар және қатысушылар саны шектеулі (өңірлік партикулярлық) шарттар болып бөлінеді.
Шарт жасасатын субъектілердің мәртебесіне байланысты олар мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық халықаралық шарттар болып бөлінеді.
Реттеу объектілері (оларда қамтылған құқықтық нормалардың мазмұны) бойынша зияткерлік меншік саласындағы халықаралық келісімдер шартты түрде төрт топқа бөлуге болады: 1) зияткерлік меншіктің жалпы мәселелері жөніндегі шарттар; 2) өнеркәсіптік меншік құқықтарын қорғау туралы шарттар; 3) авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау туралы шарттар; 4) зияткерлік меншік құқығы объектілерін жіктеу туралы шарттар.
Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы халықаралық келісімдері туралы ақпарат