Мақалаларға қойылатын талаптар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Материалдарды жариялау мақалалар, шолулар, қысқа хабарламалар, сұхбаттар, хаттар түрінде жүзеге асырылады. Редакцияға келген материалдар рецензиялау, түзету енгізуден (әдеби) және түпкілікті мәтінді авторлармен келісу рәсімдерінен өтеді.

Журналда келесі рубрикалар бар:

  1. өзекті тақырып;

  2. шетелдік тәжірибе;

  3. теория;

  4. практика;

  5. өнертапқыш рубрикасы;

  6. патенттік сенім білдірілген өкіл рубрикасы;

  7. өнертабыстар тарихы;

  8. перспективті патенттер;

  9. жаңалықтарға шолу жасау;

  10. хабарландырулар.

 

Жариялауға ұсынылатын материалдар Журналдың міндеттеріне сәйкес болуы тиіс:

  1. ғалымдардың, патенттік сенім білдірілген өкілдердің, өнертапқыштардың, патент танушылардың, заңгерлердің, сарапшылардың, зияткерлік меншік саласындағы мамандардың ғылыми жұмыстарын жариялау;

  2. құқықтық мәдениет және азаматтардың зияткерлік меншік саласындағы құқықтық білімі деңгейін арттыру туралы материалдарды жарықтандыру;

  3. оқырмандарды зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерімен таныстыру;

  4. оқырмандарды Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік саласындағы өзекті жаңалықтармен және маңызды іс-шаралармен таныстыру;

  5. зияткерлік меншік саласындағы ғылыми ортаны қалыптастыру, зияткерлік меншік саласын насихаттау;

  6. зияткерлік меншік саласындағы үздік білімді және тәжірибені тарату, халықтың «патенттік сауаттылығын» арттыру, зияткерлік саласындағы заңды түсіндіруге бағыталған жұмысты жүргізу.

 

Журналға жариялау үшін ұсынылатын электрондық нысандағы материалдар келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  1. мақала көлемі 2000 таңбадан кем емес, 6000 таңбадан аспауы тиіс. Мақала Times New Roman қаріпімен 14 өлшеммен, ал кестелер үшін 12 өлшеммен терілуі тиіс, жоларалық интервал 1,0, жоғары, төменгі, оң жолақтар – 1,5 см., ал сол жолақ – 2,5 см.;

  2. мақаланың материалында автордың(авторлардың) jpeg. нысанындағы сапасы жоғары суреті (суреттері), аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, автор туралы қысқаша түйіндеме, байланыс нөмірі, электрондық поштасы, мақала атауы қалың қаріппен көрсетілуі тиіс;

  3. мақала авторы мақалаға аңдатпаны және 3 жолақтан аспайтын негізгі сөздерді мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынуы тиіс;

  4. мақала авторы міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттің тізімін көрсетеді; Интернет желісіндегі электрондық анықтамалық жүйелерден (мұндай жүйенің атауы және тиісті тарауы көрсетілген) және ресурстардан алынған мәліметтерге сілтемелер мүмкін; мәтіндегі нұсқама белгісі тыныс белгілерінің (нүкте, үтір, қос нүкте, нүкте үтірмен) алдында қойылады;

  5. қолжазбалар, сапасы жоғары суреттер пайдаланылған мақалалар, сызбалар, графикалар, слайдтар қабылданады; жариялауға арналған қолжазбаларда инфографиканы, кестелерді, суреттерді пайдалануға болады;

  6. мақалалар тоқсанның екінші айының 5-жұлдызына дейін тоқсан сайын қабылданады.

Автор Журналда жариялауға материалдарды ұсыну арқылы өзінің материалының ҚР Әділет министрлігінің сайтында (www.adilet.gov.kz) және ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК сайтында (www.qazpatent.kz) жарияланатындығына, сонымен бірге мақалаларды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде аударылатындығына келісетіндігін білдіреді.

Мақала авторларынан мақаланы Журналда жариялағаны үшін ақы алынбайды. Мақала үшін авторлық гонорар төленбейді.

Мақала авторлары, Журнал иесі өздері пайдаланылатын зияткерлік меншікке авторлық және өзге құқықтарды сақтауға міндетті. Мақалаларды жариялаған кезде мақаланың мазмұнын бұрмаламайтындай етіп қысқартуға және түзету енгізуге рұқсат етіледі. Ешкім Журнал мақұлдамаған мақаланы Журналдан оны жариялауды талап етуге құқылы емес.