Ұлттық зияткерлік меншік институты
Патенттік кооперация келісімі (РСТ) өтінім берушіге өз өнертабыстарын көптеген елдерде патенттеуге көмектеседі, патенттік ведомстваларға патент беру туралы шешім қабылдауға және өнертабысқа қатысты техникалық ақпараттың көпшілікке қол жетімді болуына ықпал жасайды. РСТ процедурасына сәйкес бір халықаралық өтінім беру арқылы, өтінім беруші өз өнертабысын көптеген әлем елдерінде қорғауға қол жеткізе алады.
Өтінім берушіге арналған РСТ нұсқаулығымен осында таныса алады.
Патенттік кооперация келісімі және Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес Өнеркәсіптік меншік объектілері өтінімдеріне сараптама жүргізу ережесінің 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылдың 29 тамызындағы № 1350 бұйрығының 1 қосымшасына сәйкес «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК тексеру және халықаралық өтінімді жөнелту функциясына ие Қабылдаушы ведомство қызметін атқарады.
ҰЗМИ қабылдау құзіретіне ие ведомство ретінде орыс және ағылшын тіліндегі халықаралық өтінімдерді қабылдайды. Егер өтінім беруші Келісімнің 15 бабына сәйкес Халықаралық іздеу органы ретінде «Өнеркәсіптік меншік федералды институты» (ӨМФИ) Патент және тауар белгілері, зияткерлік меншік федералды қызметінің Федералды мемлекеттік мекемесін таңдаса, халықаралық өтінім орыс тілінде беріледі, егер Европалық патенттік ведомствоны (ЕПВ) таңдаса, халықаралық өтінім ағылшын тілінде беріледі.
Халықаралық өтінім ҰЗМИ-на тікелей көшірме жасауға қолайлы бір данада беріледі Халықаралық РСТ өтінімінің өтініш бланкы.
«ҰЗМИ» халықаралық өтінімнің РСТ 11(1) бабы және 14 бабына сәйкестігі тексеріледі.
ҰЗМИ» тексеруден оң нәтижемен өткен халықаралық өтінімнің халықаралық өтінім беру күнін анықтайды және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Халықаралық бюросына жөнелтуді жүзеге асырады.
Әр халықаралық өтінім бойынша төменде көрсетілген төлемдер жасалуы міндетті:
Төлемдер халықаралық өтінім Қабылдаушы ведомствоға түскен күннен бастап бір ай ішінде төленеді
Егер халықарарлық өтінімді жөнелту төлемі, өтінім берудің халықаралық төлемі және іздеу жұмыстарының төлемақысы РСТ нұсқаулығының 14.1(с), 15.3 және 16.1(f) Ережелеріне сәйкес аталған күнге дейін төленбесе немесе толық түрде төленбегені анықталса, өтінім берушіге бір ай ішінде аталған төлемдерді төлем жасау мерзімін өткізіп алғаны үшін төленетін ақымен бірге төлеу ұсынылады.
Халықаралық фазада халықаралық өтінімге қатысты РСТ нормативтік құжаттарымен регламентелген әрекеттер жасалады, ал ұлттық фазада таңдалған шет мемлекеттің ұлттық заңнамасында көзделген әрекеттер жүзеге асырылады.
Патент алу үшін, өтінім беруші қарастырылған мерзімде (https://www.wipo.int/pct/ru/texts/time_limits.html) өзінің халықаралық өтінімін ұлттық фазаға ауыстыруы, нақты айтқанда, өзі таңдаған мемлекет аумағында қорғауды жүзеге асыру үшін, сол мемлекеттің патенттік ведомствосына талап етілетін құжаттар мен төлем құжаттарын ұсынуы қажет.