Ұлттық зияткерлік меншік институты
Халықаралық ынтымақтастықтың маңызды саласы Қазақстан Республикасы Президентінің «Еуразиялық патент конвенцияны ратификациялау туралы» 1995 жылғы 18 шілдедегі №2364 Жарлыққа қол қоюы арқылы мүмкін болған Қазақстан Республикасының Еуразиялық патенттік ұйымға (ЕАПҰ) мүшелігімен байланысты.
Еуразиялық патент конвенция (ЕАПК) – 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының 19-бабына сәйкес арнаулы келісімді және 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шарттың 45 (1) бабына сәйкес өңірлік патент туралы шарт.
Оның негізгі мақсаты қатысушы мемлекеттердің аумағында қолданылатын бірыңғай Еуразиялық патент негізінде өнертабыстар мен өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың өңірлік жүйесін құру болып табылады.
Еуразиялық патент конвенцияға 1994 жылғы 9 қыркүйекте қол қойылды. Қазіргі уақытта оның мүшелері – Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Түркіменстан.
Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы Еуразиялық патенттік ведомство ЕАПҰ-ға қатысушы мемлекеттермен бірлесіп, өңірлік деңгейде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың еуразиялық жүйесін құру мақсатында әзірледі. Бұл хаттама қатысушы мемлекеттерден тыс жерлерде патенттер алу рәсімін оңайлатып, өтінім берушілер үшін әкімшілік және қаржылық жүктемелерді азайтады. Ұқсас жүйе 1994 жылдан бастап өнертабыстарға қатысты қолданылады.
Мұндай жүйені енгізу өтініш берушілерге бірыңғай еуразиялық патентті «бір терезе» форматында ала отырып, ЕАПК-нің барлық мемлекеттерінің аумақтарындағы өнеркәсіптік үлгілерге бір мезгілде құқықтық қорғау ұсынуды көздейді. Қазіргі уақытта ол ҰЗМИ тәжірибесіне табысты енгізілді.
1994 жылғы 9 қыркүйектегі еуразиялық патент конвенциясына өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттама (Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 9 қыркүйек).Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 23 қарашадағы №377-VІ Заңымен ратификацияланып. Қазақстан Республикасы үшін 2021 жылғы 12 сәуірде күшіне енді.
ЕАПҰ Әкімшілік кеңесінің шешіміне сәйкес 2021 жылы 1 маусымнан бастап ЕАПВ өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер қабылдауды бастады.