ДЗМҰ БАСҚАРАТЫН КӨПЖАҚТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРҒА ҚАТЫСУ

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Қазақстан Республикасы халықаралық тұрғыдан тиісті құқықтық нысандарда әкімшілік ететін ДЗМҰ-ның көптеген халықаралық келісімдерінің өзі үшін міндетті екеніне келісімін білдірді.

Қазақстан ДЗМҰ-ға өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы 1993 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасының Декларациясын жолдау арқылы ДЗМҰ-ға мүше болды.

Аталған декларация арқылы Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымын құрған конвенция (Стокгольм, 1967) қосылды. 

Бұл ретте ДЗМҰ-ға мүше елдердің тізімінде Қазақстанның 1991 жылғы 25 желтоқсаннан бастап, яғни КСРО-ның әрекет етуі тоқтатылған күннен бастап ДЗМҰ-ға мүше ел болып табылатыны көрсетілді.

Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы (Париж, 1883) патенттерді, тауар белгілерін, өнеркәсіптік үлгілерді, пайдалы модельдерді, фирмалық атауларды, шығу көзінің географиялық нұсқамаларын және шығу орындарының атауларын қоса алғанда, өнеркәсіптік меншік мәселелеріне және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесуге қатысты. Конвенцияның негізгі ережесі үш санатқа бөлінеді: ұлттық режим, басымдық құқығы, жалпы ережелер. 

Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі (Мадрид, 1891) Тауар таңбаларын халықаралық тіркеудің Мадрид жүйесінің негізін қалады. Бұл жүйе тауар белгілерінің иелеріне оларды Мадрид одағына мүше бірнеше елдерде бір өтінім беру және бір баж салығын төлеу арқылы қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тауар белгісін кейінгі басқару да жеңілдетіледі. Өйткені бір рәсімдік әрекет арқылы өзгерістер енгізуге, құқықтар көлемін шектеуге, тіркеуді ұзартуға және т.б. жасауға болады. Бұл Мадрид жүйесінің үлкен сұранысын түсіндіреді, 125 жыл ішінде ол 1 миллионнан астам таңбаны (әлемдік көлемнің 15%-і) тіркеу үшін пайдаланылды.

Патенттік кооперация туралы шарт – РСТ (Вашингтон, 1970)  патенттер саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы халықаралық келісім. Ол ең алдымен, патент өтінімдерін беру, іздеу және тексеруге, сондай-ақ онда қамтылған техникалық ақпаратты таратуға қатысты рационалдау және ынтымақтастық туралы шарт болып табылады. РСТ шарты «халықаралық патенттерді» беру ережелерін белгілемейді: патенттерді беру міндеті мен жауапкершілігі әр елдің патент ведомствосының немесе қорғау сұралатын елде жұмыс істейтін адамның қолында ғана қалады. Шарт Париж Конвенциясымен бәсекелеспейді, бірақ оны толықтырады. Ол Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттер үшін ғана ашық Париж конвенциясы шеңберіндегі ерекше шарт болып табылады.

Әдеби және көркем туындыларды қорғау туралы Берн конвенциясына (Берн, 1886)

Берн конвенциясы авторлық құқық саласындағы негізгі халықаралық келісім болып табылады. Берн конвенциясы үш негізгі қағидатқа негізделеді: Конвенцияға қатысушы әр ел басқа қатысушы елдердің азаматтарына өз азаматтарымен бірдей авторлық құқықтар беретіндігін көздейтін ұлттық режим қағидаты; әр елде туындыны қорғау басқа елдердегі туындыларды, оның ішінде туындының шыққан елінде қорғауға ешқандай тәуелді емес екенін білдіретін қорғаудың тәуелсіздігі қағидаты; автоматты қорғау қағидаты – авторлық құқық туынды жасалған сәттен бастап пайда болады және қандай да міндетті тіркеуді және басқа рәсімді қажет етпейді.

Фонограмма жасаушылардың мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз көшіріп көбейтуден қорғау жөніндегі конвенцияға (Женева, 1971)

Орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және эфирлік хабар тарату ұйымдарының сабақтас құқықтарын қорғау мәселелерін халықаралық деңгейде реттейтін Рим конвенциясынан айырмашылығы, Фонограмма туралы конвенция фонограмма шығарушыларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын заңсыз әрекеттерден

Халықаралық патенттік жіктеме туралы Страсбург келісіміне (Страсбург,1971)

Страсбург келісімі Халықаралық патенттік жіктемені белгілейді, оны әдетте IPC (ағылш. тілінен International Patent Classification) деп атайды. Жіктеме  «прототипті» іздеу кезінде патенттік құжаттарды іздеудің ажырамас құралы болып табылады. Мұндай іздеуге патенттер беретін органдар, әлеуетті өнертапқыштар, іздеулер мен әзірлемелер бөлімдері және өтінім беруге немесе технологияларды әзірлеуге мүдделі өзге де тұлғалар жүгінеді.

Таңбаларды тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық жіктемесі туралы Ницца келісіміне (Ницца, 1957)

Келісімде тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілерін тіркеу мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің Ницца жіктемесі белгіленді.

Ницца келісімінің уағдаласушы мемлекеттерінің тауар таңбалары жөніндегі ведомстволары ресми құжаттар мен басылымдарға тауарлар және/немесе қызметтер жіктемесінің нөмірлерін енгізуге міндетті.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының орындаушылықтар мен фонограммалар жөніндегі шартына және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі шартына (Женева, 1996)

Олар авторлық құқық саласындағы халықаралық құжаттарды толықтыра отырып, авторлық құқық объектілерін цифрлық ортада қорғауды реттеуге арналған.

Олимпиада рәмізін қорғау туралы Найроби шарты (Найроби, 1981)

Ол олимпиада рәмізін заңсыз пайдаланудан қорғауға бағытталған. Шартқа сәйкес шартқа кез келген қатысушы мемлекет тіркеуден бас тартуға немесе белгі ретінде тіркеуді жарамсыз деп тануға және тиісті шаралар арқылы белгі немесе басқа белгі ретінде коммерциялық мақсаттарда олимпиада рәміздерінен тұратын кез келген белгіні пайдалануға тыйым салуға міндетті (олимпиада рәмізі бір-бірімен тығыз байланысты бес сақинадан тұрады: көк, сары, қара, жасыл және қызыл, осындай тәртіппен орналастырылған немесе осы символ Халықаралық олимпиада комитетінің Жарғысында белгіленгендей түрде қолданылған жағдайлар, Халықаралық олимпиада комитетінің рұқсаты болған жағдайларды қоспағанда).

Орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенция (Рим, 1961)

Бұл сабақтас құқықтарды күзету мен қорғау саласындағы ең маңызды көпжақты келісім болып табылады.

Рим конвенциясы орындаушылардың фонограмма және хабар тарататын ұйымдарға қатысты орындаушыларға, фонограмма жасаушыларға қатысты құқықтарын қорғауды

Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты (Сингапур, 2006)

Сингапур шартының мақсаты – тауар белгілерін тіркеудің әкімшілік рәсімдерін үйлестіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы және қарқынды халықаралық нормативтік-құқықтық база жасау. Сингапур шартының негізіне Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы шарт (TLT) алынған. Алайда Сингапур шартының қолданылу аясы кең және коммуникациялық технологиялар саласындағы өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді.

Толығырақ танысу