Ұлттық зияткерлік меншік институты
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманың 14(3)-бабына сәйкес жарияланған өнеркәсіптік үлгіге еуразиялық өтінімге қатысты Еуразиялық патенттік ведомствоға, егер бұл тиісті Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, оның ішінде ұлттық ведомствоны қоса алғанда, өнеркәсіптік үлгіге еуразиялық патентті беруге қарсы қарсылық берілуі мүмкін екендігі туралы барлық мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді.
Жарияланған өнеркәсіптік үлгіге еуразиялық өтінімдермен сіз Еуразиялық патенттік ведомствоның https://www.eapo.org/ru/ сайтында «Евразийский сервер публикаций (Жарияланымдардың еуразиялық сервері)» деген бөлімде https://www.eapo.org/ru/publications/publicat/deslist.php сілтемесі бойынша таныса аласыз.