«ҰЗМИ» РМК ресми сайтында «Біз туралы» - «Тарифтер» бөлімінде сараптама ұйымы көрсететін қызметтердің нақты бағалары орналастырылған

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«ҰЗМИ» РМК ресми сайтында http://kazpatent.kz/ru «Біз туралы» - «Тарифтер» бөлімінде «ҰЗМИ» РМК директорының сараптама ұйымы көрсететін қызметтердің өзекті бағаларымен 2019 жылғы 3 қаңтардағы Бұйрығы орналастырылған.

Сонымен қатар, бұрын көрсетілетін қызметтер бойынша бағалар бұрынғыдай қалды.

Бұл ретте өнеркәсіптік меншік саласындағы заңнамадағы өзгерістерге байланысты жекелеген қызметтер бойынша төлем тәртібі өзгертілді.

Бәрімізге белгілі, тауар таңбасын тіркеу сараптаманың екі кезеңі: алдын ала және толық аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

Бұрын заңда кезең-кезеңмен төлеу мүмкіндігі көзделген болатын:

  1. алдын ала сараптама үшін;
  2. толық сараптама үшін.

Осы рәсімдерді өткізуге арналған өтінімдерге төлемді растайтын жеке құжаттар ұсынылатын.

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңның қолданыстағы редакциясында 9-бап 2-тармағының 3) тармақшасында өтінімге сараптама жүргізу үшін қызметтің төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса берілуге тиіс екендігі көзделген.

Осылайша, төлем құжатын ұсыну өтінімді беру үшін міндетті шарт болып табылады. Бұл ретте, төлем құжаты сараптаманың екі кезеңінің төлемін бір мезгілде растауға тиіс.

Сараптама кезеңдерінің бірінің төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылған кезде өтінім қарауға қабылданбайды.

Сондай-ақ, алдын ала сараптама жүргізу кезінде іс жүргізуді, оның ішінде өтініш берушінің өтініші бойынша тоқтату мүмкіндігі болмайтынын хабарлаймыз. Мұндай жағдайларда толық сараптама жүргізгені үшін төленген сома авансқа есептеледі немесе өтініш берушіге қайтарылады.