Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ы Сіздердің назарларыңызға, 2019 жылдың 2 тамызында ҚР Әділет министрлігінің «Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 қазандағы №1481 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы»  бұйрығының әрекеті енгізілді.

Бұйрыққа сәйкес «ҰЗМИ» РМК-мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толықтай автоматтандырылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижелерін беру формасы-электронды.

Осылайша, қағаз жеткізгіште ұсынылған мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштер қаралмайды.

Бұл талаптар «ҰЗМИ» РМК-ның 2019 жылдың 2 тамызына дейін хабарлама негізінде берілген өтінішке қолданылмайды, (тіркеу туралы, ішінара тіркеу, патенттер беру жөнінде)